Астананы түрлі-түсті тұлпарлардың мүсіндері ажарландыра түсті

Фотография - Астананы түрлі-түсті тұлпарлардың мүсіндері ажарландыра түсті

Астана күнін мерекелеу уақытында сулы-жасыл желекте "Astana Art Fest" алғашқы халықаралық қазіргі заманғы өнер мен дизайн, сәулет фестивалі өткен.

226 0

Астана күнін мерекелеу уақытында сулы-жасыл желекте "Astana Art Fest" алғашқы халықаралық қазіргі заманғы өнер мен дизайн, сәулет фестивалі өткен.
Фестиваль аяқталған соң барлық ерекше экспонаттардың ішінде түрлі-түсті түске боялған аттар қалды. Олар қазір бейне ертегілер елінің сақшыларындай «Қазмұнайгаз» ғимаратының алдындағы субұрқақ алаңында тізіліп тұр.

Бұл композиция "United Buddy Bears"(Бадди аюлар достығы) халықаралық жобасын еске салады. Естеріңізде болса, ол түрлі-түсті аюлар елордада 2010 жылы жазда «қонақта» болған. Бұл бес құрылықта өткен, миллиондаған жұртшылық тамашалаған бірегей көркем көрмеге айналған болатын.

Бұл идея 90-шы жылдардың аяғында Германияда бастау алған. 150 елден келген суретшілер Берлин символы болып табылатын аң - аюдың мүсінін безендіріп бояу үшін шақыртылды. Әр елдің рухын бейнелеген суретшіге байланысты әр аюдың өзіндік ерекшелігі болды. Аюлардың көтерген қолдары достық пен оптимизмді бейнелейді. Қатар тұрған аюлардың бір-біріне қол беруі әлемдегі адамдардың бір-бірін жақыннан тануға ұмтылып, бірігіп бақытты ғұмыр кешуге үндегенін көрсетеді.

Астана төрінен орын алған аттар мүсіндері біздің елімізде тұратын түрлі ұлттардың нақышындағы оюлармен безендірілген. Ат - адалдық пен еркіндік  нышаны. Адамдар достыққа, араласуға, өзара түсінісуге кедергі келтіретін тосқауылдардан азат болуы тиіс.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!