Талғар шатқалында әзірге сел қаупі жоқ - Р. Әбдіғаппаров

Фотография - Талғар шатқалында әзірге сел қаупі жоқ - Р. Әбдіғаппаров

Талғар шатқалы арқылы ағатын Талғар өзенінде әзірге сел қаупі жоқ. Бұл туралы Алматы облысы Талғар аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Руслан Әбдіғаппаров мәлімдеді.

151 0

Талғар шатқалы арқылы ағатын Талғар өзенінде әзірге сел қаупі жоқ. Бұл туралы Алматы облысы Талғар аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Руслан Әбдіғаппаров мәлімдеді.

"Талғар өзенінде сел тасқыны болған жоқ. Тек жаңбыр жауған соң, өзендегі  су деңгейі күрт көтеріліп, секундына 25-29 текше метр жылдамдықпен ақты. Дәл қазір су шығыны деңгейі 27-28 текше м/с құрайды. Бұл қауіпті емес.  Талғар өзеніндегі су бөгеті 8 миллион текше метр суды қабылдай алады. Қазір онда бақылау, сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талғар шатқалының жоғарғы жағына бақылау бекеттері орнатылды. Мореналық көлдерге мониторинг жүргізілуде. Әзірге сел қаупі жоқ", - деді Р. Әбдіғаппаров.

Сонымен қатар, ол дабыл қағылып, адамдарды эвакуациялау шарасы жүргізілмегендігін жеткізді.

"Жоқ, ешқандай эвакуациялау шарасы болған жоқ. Тек тұрғындарға су деңгейінің көтерілгендігі жайында хабарлап, сабырлық сақтап, сақ болуларын сұрадық. Үрейленіп жүрген тұрғындардың өздері. Ал "Спутник" балалар лагеріне келер болсақ, басшылығына лагер аумағынан ешкімнің шықпауы жөнінде бұйрық берілді. Және қауіпсіздік мақсатында төменгі корпустан жоғарғы корпусқа 515 адам уақытша көшірілді. Олардың ішінде 400 бала бар. Яғни лагер аумағынан ешкім сыртқа шығарылған жоқ. Барлық балалар орнында. Лагерге келіп-кетер қауіп жоқ", - деді Р. Әбдіғаппаров. 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!