Алматы облысында Талғар өзеніндегі бөгет сел ағынын ұстап қалды - ҚР ІІМ ТЖК

Фотография - Алматы облысында Талғар өзеніндегі бөгет сел ағынын ұстап қалды - ҚР ІІМ ТЖК

Алматы облысында Талғар өзеніндегі бөгет сел ағынын ұстап қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады.

345 0

Алматы облысында Талғар өзеніндегі бөгет сел ағынын ұстап қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 13.50-де Іле Алатауындағы жаңбырдан Талғар өзені деңгейінің секундына 27 текше метрге дейін көтерілуіне әкелген сел жүрген болатын.

"Спутник" лагерінен 515 адам жоғарғы корпусқа көшірілді. Талғар ауданының халқын ақпараттандыруға екі техника мен 30 адам жұмылдырылды. Олардың ішінде Талғардағы № 2 мамандандырылған өртке қарсы күрес бөлімі, Талғар ауданы ІІБ 12 экипажы, "Қазселденқорғау" мекемесінің алты қызметкері бар. Хабарландыру дабыл құрылғысы арқылы жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.

Сел тасқынын Талғар өзеніндегі селден қорғайтын бөгет ұстап қалды. Сондай-ақ бөгетке зақым келген жоқ және оның бұзылу қаупі жоқ. Жағдай ҚР ІІМ ТЖ Комитенің бақылауына алынған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!