Алматыда трансұлттық ұйымдасқан топтың 22 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты

Фотография - Алматыда трансұлттық ұйымдасқан топтың 22 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты

Алматы қаласындағы ЛА-155/18 мекемесінде трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында экономикалық контрабанда жасады деп айыпталған Қазақстанның 7 азаматы мен Қырғызстанның 15 азаматына қатысты үкім жарияланды.

211 0

Алматы қаласындағы ЛА-155/18 мекемесінде трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында экономикалық контрабанда жасады деп айыпталған Қазақстанның 7 азаматы мен Қырғызстанның 15 азаматына қатысты үкім жарияланды.

Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетейік, Д.К. Қойлыбаев пен Д.М. Мұқатаев басқарқан осы топтың мүшелері 2014 жылғы 10 сәуір күні таңғы сағат 4 пен 6-ның аралығында кедендік бақылаудан тыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп, Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өтіп кеткен. Ұйымдасқан топ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен шектескен шекарасындағы №159 шекаралық белгінің маңында белгіленген тәртіпті бұзып, өткізу пунктеріне бағынбай өтіп кеткен.

Контрабандалық жүк (халық тұтынатын тауарлар) тиелген барлығы 14 жүк автокөлігі шекара асқан.   

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған әскери сотының 2015 жылғы 24 шілдедегі үкімімен 2035 әскери бөлімінің есірткі заттарының контрабандасымен күрес бөлімінің бастығы лауазымын атқарушы, майор С.С. Махамбетәлиев билікті теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл жағдай ҚР ҚК-нің 380-бабының 2-бөлігінде және ҚР ҚК-нің (1997 жылғы 16 шілдедегі редакциясы бойынша) 209-бабы 3-бөлігінің а) және б) тармақтарында, 28-бабының 5-бөлігінде көзделгендей, ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, экономикалық контрабанданы жасауға дем берушілікке және ауыр салдарларға әкеліп соқтырған. Ол мүлкі тәркіленумен мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан 5 (бес) жылға айырыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

ҚР ҚК-нің 50-бабына сәйкес С.С. Махамбетәлиев "майор" әскери атағынан айырылды.

 Трансұлттық ұйымдасқан топтың басшылары Д.К. Қойлыбаев пен Д.М. Мұқатаев аталған топты құрғаны және басқарғаны, сондай-ақ ұйымдасқан топ құрамында экономикалық контрабанда жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Аталған қылмыстар ҚР ҚК-нің 209-бабы 3-бөлігінің б) тармағында және ҚР ҚК-нің (1997 жылғы 16 шілдедегі редакциясы бойынша) 235-2-бабының 1-бөлігінде көзделген. Олардың  әрқайсысы мүліктері тәркілене отырып, 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Әскери қызметшілер Б.А. Төребеков, С.С. Керімбеков пен Б.С. Әлімжан ауыр салдарларға әкеліп соқтырған кеден нарядының құрамына кіретін кеден қызметін атқару ережесін бұзғандары үшін кінәлі деп танылды. Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің (1997 жылғы 16 шілдедегі редакциясы бойынша) 376-бабы 2-бөлігінде көзделген. Осының негізінде олардың әрқайсысына 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С.С. Керімбеков пен Б.С. Әлімжанға тағайындалған жаза шартты деп саналды.

Топтың басқа мүшелері трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқаны және ұйымдасқан топ құрамында экономикалық контрабанда жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Аталған қылмыстар ҚР ҚК-нің 209-бабы 3-бөлігінің б) тармағында және ҚР ҚК-нің (1997 жылғы 16 шілдедегі редакциясы бойынша) 235-2-бабының 2-бөлігінде, ҚР ҚК-нің 330-бабы 2-бөлігінде көзделген және  олар 2 жылдан 8 жылға дейінгі әр түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды.  

Заттай дәлелдердің тағдыры ҚР ҚПК-нің талаптарына сәйкес шешілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!