Байқоңыр қаласында "Бейбітшілік көгершіндері" мүсіні орнатылуда

Фотография - Байқоңыр қаласында "Бейбітшілік көгершіндері" мүсіні орнатылуда

Байқоңыр қаласындағы Королева даңғылында таяуда "Бейбітшілік көгершіндері" жаңа композициясы пайда болады.

170 0

Байқоңыр қаласындағы Королева даңғылында таяуда "Бейбітшілік көгершіндері" жаңа композициясы пайда болады. Оны орнатуға Қазақстан Халық банкінің филиалы бастамашылық еткен. 
"Банкирлер эскиздік жобасын өздері жасады. Оны қала басшысымен келісісті. Әкімшіліктің сәулет және қала құрылысы бөлімінде бекітті. Мүсін композициясын жезқазғандық мүсінші Аман Меңдібаев жасады", - деді Байқоңыр қаласының бас сәулетшісі Малик Муталиев.

Королева даңғылының жүргіншілер аумағының орталығына орнатыла бастаған "Бейбітшілік көгершіні" композициясы кесілген приамида, ғаламшар түріндегі шар, төрт адам (ер адам, әйел, бала, қыз) және қалықтап жүрген жеті көгершіннен тұрады. Оның биіктігі 5 метрге жуық.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!