Қазақстандағы ең жас ана он үш жаста

Фотография - Қазақстандағы ең жас ана он үш жаста

Қазақстанда ең жас ана 13-те. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми жауабында айтылады

425 0

Қазақстанда ең жас ана 13-те. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми жауабында айтылады

 Сауалға берілген жауапта медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің өкілдері Қазақстанда 2015 жылдың 1 шілдесінде кәмелетке толмаған 2420 жүкті қыздың тіркелгенін хабарлады. Олар 15-18 жас аралығында.

"Елде кәмелетке толмаған жүкті қыздардың үлесі - 1,2 пайыз. Олардың басым бөлігі Қостанай (1,9 пайыз), Жамбыл (1,8 пайыз), Солтүстік Қазақстан (1,7 пайыз) облыстарында тіркелді", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Ведомствода ең жас ананың 13-те екені айтылды, ол Солтүстік Қазақстан облысында тұрады.

"Қылмыстық кодекске сәйкес, кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынастағы және сексуалық мәндегі әрекеттері деректерін облыс, Астана және Алматы денсаулық сақтау басқармалары құқық қорғау органдарына жібереді", - деді министрліктегілер.

Еске салайық, кеше, 20 шілдеде ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғанын хабарлаған болатын. "Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жасы 12-ге енді толған, бірақ 17-ге толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғаны анықталды", - деген еді Тұтқышев.

Бұдан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған 467 жүкті қыздың тіркеуде тұрғаны хабарланды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады. "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жүкті әйелдердің және фертильді жастағы әйелдердің порталындағы электронды базасындағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2015 жылдың 20 шілдесіне дейінгі статистикалық мәліметтерге сәйкес, жүктілік есебінде кәмелетке толмаған 467 жүкті қыз тұр. Олардың ішінде 14 жастағылар - үшеу, 15 жастағылар - 25, 16 жастағылар 118, 17 жастағылар - 321", - деп хабарлады басқарма баспасөз қызметінің өкілдері.

 

baq.kz


Тегтер:

ең жас ана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!