Ұлттық ұлан Наурызбай ауданындағы апат салдарын жоюға қосымша күш бөлді (сурет)

Фотография - Ұлттық ұлан Наурызбай ауданындағы апат салдарын жоюға қосымша күш бөлді (сурет)

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты 28237 әскери бөлімінен Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы апат салдарын жоюға қосымша 130 адам бөлінді, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қобасшылығының қоғамме байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқанов.

372 0

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бұйрығымен апат болған аймақтағы қалпына келтіру жұмыстарына қосымша 130 адам бөлінді.

Ұландықтардың негізгі күші орта мектептердің аумағын лайдан тазалап, қалпына кетіруге жұмылдырылып отыр. Осы күнге дейін апат орнында 200 ден астам ұлан жауынгері жұмыс істеп жатыр.

26 шілде күні Ұлттық ұан жауынгерлерінің күшімен Наурызбай ауданындағы №№187,188 орта мектептердің аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Әскерилер күшімен 1155 текше метр лай шығарылып, жертөлелерде72 текше метр аумақ судан тазартылды. 50 метр арық пен 500 метрден астам жол аршылды.

Сонымен қатар, күнделікті кешкі сағат 5-тен 11-ге дейін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті орғау бойынша қызмет ұйымдастырылуда.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!