Шымкентте бес балабақша пайдалануға беріледі

Фотография - Шымкентте бес балабақша пайдалануға беріледі

Биыл Шымкентте 5 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен жиында мәлім болды.

293 0

Биыл Шымкентте 5 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен жиында мәлім болды. 

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының хабарлауынша, қалада «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік механизмдерін кеңінен қолдану шараларының арқасында мектепке дейінгі мекемелер саны 296-ға жеткен. Оның 82-і – мемлекеттік, 170-і – жекеменшік, 44-і – шағын орталықтар.

«Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 46 377 бала қамтылған. Ал «Балапан» бағдарламасы бойынша 45 020 бала немесе қамту деңгейі 77,1 пайызды құраған», - дейді ол өз сөзінде.

Дархан Сатыбалды Шымкент қаласында 7 жасқа дейінгі балалар саны 169 386 екенін айтады. Оның ішінде 3-6 жас аралығында 82 207 бала болса, мектепке дейінгі мекемемен қамтылмаған балалар саны 58 417 екен.

«82 мемлекеттік балабақшада қамтылған бала саны – 24 524, 170 жекеменшік балабақшада – 19 294, 44 мектеп жанындағы шағын орталықта – 2550 бала қамтылған. Жалпы 46 368 бала мектепке дейінгі мекемелерге барады. Оның ішінде, «Балапан» бағдарламасы бойынша 45 011 бала бар», - деп атап өтті әкім.

Әкімнің есебінше, 2015 жылы бюджеттен 2 447,4 миллион теңгеге 7 балабақшаның құрылысы жүргізіліп, 2015 жылдың соңына дейін 5 балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып жатыр екен.

 

 

Bnews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!