Қазақстанда тілдерді оқытудың бірыңғай әдістемесі жасақталады

Фотография - Қазақстанда тілдерді оқытудың бірыңғай әдістемесі жасақталады

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директоры лауазымын атқарушы Әбіл Қонысбай мәлім етті.

220 0

 Қазақстанда тілдерді оқытудың бірыңғай әдістемесі жасақталады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директоры лауазымын атқарушы Әбіл Қонысбай мәлім етті.

Оның айтуынша, орталықта тіл оқуынан өткені туралы сертификатты бір жерден беру туралы мәселенің заңнамалық қырлары, оқу бағдарламасының бірыңғай жүйесі мен тіл орталықтарында қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөнінде сауалдар талқылануда.

"Бұл жұмыс негізінен Қазақстан қалалары мен аймақтарында орналасқан орталықтардың жұмысын біріздендіруге бағытталған. Себебі сағатттары әр түрлі, бірыңғай әдістеме де жоқ", - деді ол.

"Орталық бағдарлама аясында 100-ге жуық оқу-әдістемелік құрал жасап шықты және оны барлық аймақтарға үлестірді. Орталықта екі мультимедиалық кабинет бар, 3000 кітап қоры сақталған кітапхана бар. Бүгінгі таңда орталықта оқу-әдістемелік жұмыстармен қатар, баспа ісін ғылыми сараптамадан өткізу мүмкіндігі бар. Өзіміздің сайтымыз да жұмысын жасап жатыр. Күнделікті оқу-әдістемелік терминология, социолингвистика, аударма ісі және қазақтану сынды бөлімдер қызметтерін атқаруда", - дейді ол.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!