523

Алматыда қоймаларда шыққан өрт өшірілді

Алматыда Түрксіб ауданындағы Байрон 68 мекенжайында орналасқан қоймаларда шыққан өрт сөндірілді.
Фотография - Алматыда қоймаларда шыққан өрт өшірілді

Алматыда Түрксіб ауданындағы Байрон 68 мекенжайында орналасқан қоймаларда шыққан өрт сөндірілді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметов хабарлады. Оның айтуынша, тілсіз жау 140 шаршы метр аумақты шарпыды.

Оқиға орнына 4 өрт сөндіру көлігі жіберілді. Қазір өрт толығымен өшірілді.

Қазір оның неден тұтанғаны анықталуда. Төтенше жағдай салдарынан жапа шеккендер жоқ.

Загрузка...