Астанада жасырын казино әшкереленді

Фотография - Астанада жасырын казино әшкереленді

Елордада Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Интернет-клуб сияқты жұмыс істеген жасырын казиноны анықтады.

307 0

"Манас көшесі, 6 үй мекенжайы бойынша орналасқан "Веста" Интернет-клубы Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің жедел қызметкерлерінің назарына ілікті.   Қабылданған шаралардың нәтижесінде онлайн-казино қызметі әшкереленді. Мамандар оқиға орнынан 20 моноблок тәркіледі. Сонымен қатар,  клуб операторынан киімге жасырған 2500 АҚШ доллары  және 34 500 теңге, онымен қоса сөмкесінен  106 200 теңге мен 100 доллар табылды. Сонымен бірге ұтыс ретінде берілген 3000 теңге анықталып, тәркіленді", - деп хабарлады Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство атап өткендей, Интернет-клубта үш адам жұмыс істеген:  ойын мекемесін ұйымдастырушы, оператор мен күзетші.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!