Ақтөбеде алаяқтар тобы ұсталды (ФОТО)

Фотография - Ақтөбеде алаяқтар тобы ұсталды (ФОТО)

Ақтөбе облысы ІІД полицейлері "Пәтер" жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ұрлық, алаяқтықпен айналысқан екі әйелді ұстады.

262 0

 Ақтөбе облысы ІІД полицейлері "Пәтер" жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ұрлық, алаяқтықпен айналысқан екі әйелді ұстады. Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері олардың 9 эпизодқа қатыстылығын дәлелдеді.

Олар көбіне зейнеткерлерді арбауына түсірген, олардың сенімінде алдап кіріп, ақшалай қаражаттары мен алтын бұйымдарын ұрлаған.

Олар тек Ақтөбеде ғана емес, облыстың бірнеше ірі аудан орталықтарында арам ниеттерін іске асырған. Өздерін түрлі коммуналдық қызмет қызметкері, әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып немесе басқа да себептермен олардың пәтерлеріне кіруге сылтау тауып отырған. Мысалы, Алға ауданы орталығында күдікті өзін «Энергия тұтыну» ЖШС қызметкерімін деп таныстырып, 90 жастағы әйелдің үйіне  су ішемін деп кірген. Сойтіп ол егде әйелдің 500 мың теңгесін қолды еткен.

Жалпы шығын 1,5 млн. теңге. Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық), ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қылмыстық іс фигуранттары жасаған барлық алаяқтық, ұрлық фактілері сот алды тергеу тізіліміне тіркелді. Күдіктілер тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды. Олардың елдің басқа облыстарында осыған ұқсас жасаған қылмыстарының бар-жоқтығы тексерілуде", - деп хабарлады Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі.
1 2


Тегтер:

Ақтөбе алаяқ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!