Жоғарғы сотта электрондық сот ісін жүргізу үдерісі ілгерілеп келеді

Фотография - Жоғарғы сотта электрондық сот ісін жүргізу үдерісі ілгерілеп келеді

"Жоғарғы соттың электронды сервистерін дамыту" пилоттық жобасы аясында осы жылы Алматы қаласының соттарына "Сот кабинеті» сервисі арқылы 95 электронды құжат келіп түсті, - деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

924 0

2015 жылдың 1 –ші шілдесінен бастап Алматының 9 сотында: Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түркісіб, № 2 Алматы, № 2 Әуезов ауданы және Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында Жоғарғы сот және "Kazakhstan Bar Association" коммерциялық заңгерлер коллегиясымен бірлескен жоба жүзеге асты.

Пилоттық жоба электронды сот ісін жүргізуге, халық көп орналасқан жерде олардың қолданысын кеңейтуге бағытталған. Бұл өз кезегінде "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыруға арналып отыр.

Жобаны жүзеге асыру үшін сот мекемелерінде арнайы кабинеттер ашылды. Коллегия кураторлары мен ЖОО студенттері арнайы білім алудан өтті. 

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!