Қарағанды облысында ер кісі суға батып жатқан 3 адамды өз өмірін қиып, құтқарып қалды

Фотография - Қарағанды облысында ер кісі суға батып жатқан 3 адамды өз өмірін қиып, құтқарып қалды

Қарағанды облысында 37 жастағы Сергей Махмұдов өз өмірінің құнымен суға батып жатқан баланы және екі әйелді құтқарып қалды.

227 0

Қарағанды облысында 37 жастағы Сергей Махмұдов өз өмірінің құнымен суға батып жатқан баланы және екі әйелді құтқарып қалды. Оларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерген азамат су екпініне төтеп бере алмай, батып кеткен.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Наталья Кахановская өз күйеуін жер қойнауына тапсырды. Енді ол 4 баласы мен ата-аналарының қазасынан кейін асырап алынған Сергейдің кіші інісін жалғыз аяқтан тұрғызуы керек.

Сергей сантехник және пеш жағушы ретінде Ботақара қаласының емханасында жұмыс істейтін.

Бір күні олар отбасымен өзенге шомылуға жолға шығады. Өзеннен қайтатын кезде, кенет көмекке шақырған дауысты естиді. 8 жастағы бала, оның анасы және тәтесі суға батып жатыр екен.

Сергей оларды құтқаруға тырысып, суға сүңгіген. Барлығын қауіпсіз жерге итеріп үлгерген азамат судың екпініне төтеп бере алмай, батып кетіпті.

    Баланы құтқарып үлгерді. Бірақ өз өмірін қиды

"Менің күйеуім ойланбастан суға сүңгіп кетті. Бала су астына кетіп қалған еді. Ол оны судан шығарып алды. Мен тек оның қолын көрдім. Ол суға батып кетті. Сол беті шыға алмай қалды. Адамдар болды. Бірақ одан не қайыр? Мен: «Күйеуімді құтқарыңдаршы деп айқайлаумен болдым". Ал олар болса өз балаларына жармасып, шығаруға кірісті. Жағаға шығарып алды да қоя берді. Баланы құтқарып үлгерді. Бірақ өз өмірін қиды. Өзінің төрт баласын тастап кетті", — дейді Сергейдің әйелі.

Балпаш өзені ағынының екпіні қатты болғанымен, көпшілік онда шомылғанды ұнатады. Өзеннің бір бөлігі жартасқа соғылып, иірімге ұласқан.

Ал сол иірімнің астында тереңдігі 5 метрге дейін баратын шұңқыр бар. Сергейді сол шұңқырға тартып әкеткен.

Жергілікті тұрғындар Балпашта бұл алғашқы өлім емес деп айтып отыр. Үш жыл бұрын мұнда 2 қыз құрбысын құтқарамын деп су астына кеткен.

Өзеннің мұндай қауіпті екенін Ардақ Өтіншина білмеген. 8 жастағы ұлы Айбынмен суға шомылмақ болған әйелді Сергей өз өмірінің құнымен құтқарып қалды.

    Нағыз ерлік жасады. Мен оған шексіз алғысымды айтамын

"Мен әлі күнге дейін есеңгіреген күйде жүрмін. Мен мұның бәрі қалай болғанын білмеймін. Нағыз ерлік жасады. Мен оған шексіз алғысымды айтамын. Ол менің балам мен әпкемді құтқарып қалды. Суға батып жатқан үшеуімізді де құтқарды. Біз оның жанұясының, балаларының қашан да жанынан табылатын боламыз", — деп уәде берді Өтіншина.

Үш адамды құтқарған күйеуіне алғыс ретінде Махмұдова 100 000 теңге алған екен. Алайда бұл қаржы тек біраз уақытқа ғана жетеді. Асырап отырған адамынан айырылған отбасы қазір апаттық үйде тұрып жатыр. Ол үйге құқық беретін құжаттары да жоқ екен.

Натальяның өзі дүкенде техникалық қызметкер ретінде жұмыс істеп, кішігірім жалақы алады. Ал балалары үшін 8 мың теңге беріліп тұрады.

"Аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінен балаларға әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Адрестік әлеуметтік көмек, тұрғындық көмек, балаларға берілетін жәрдемақы түрінде берілуі мүмкін. Біз, әрине бұл жағдайды реттейтін боламыз. Бұған дейін олар бізге өтініш жасамаған болатын", — деп сендірді ауыл әкімі Ботақара Мәди Жұмашев.

Әкімнің айтуынша, ТЖ аудандық бөлімінің қызметкерлері Сергей Махмұдовты ерлігі үшін қайтыс болғаннан кейінгі марапаттау өтінішімен Қарағанды облысы ТЖ департаментіне хат дайындауда.

Алайда бұл марапат қара жамылып, жалғыз асыраушысынан айырылған жанұяға айтарлықтай көмек болмасы анық. Олар бұл жағдайға бей-жай қарамайтын қайырымды жандардан кез келген көмек күтуде.

Сергей Махмұдовтың отбасына көмек бергісі келетіндер мына телефонға хабарласа алады: 8-702-478-60-05, Наталья Кахановская.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!