Шымкентте жазасын өтеушілердің арасында жазғы спартакиада өтіп жатыр (ФОТО)

Фотография - Шымкентте жазасын өтеушілердің арасында жазғы спартакиада өтіп жатыр (ФОТО)

Бүгін Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ – 167/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің арасында ұйымдастырылған жазғы спартакиада өтіп жатыр

188 0

Бүгін Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ – 167/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің арасында ұйымдастырылған жазғы спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

ИЧ – 167/3 түзеу мекемесі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Алпысбаевтың айтуынша, бүгінгі жазғы спартакиадаға 700-ге жуық сотталушы 5 спорт түрінен қатысуда.

"Бұл спартакиада ИЧ – 167/3 түзеу мекемесі басшылығының нұсқаулығымен жоспар бойынша өткізілуде. Спартакиада облыстағы барлық түзеу мекемесінде бүгіннен бастап 5 тамызға дейін өтетін болады", - дейді ол.

Серік Алпысбаев спортпен айналысуды жандандыру бағытында қолға алынып отырған шараның бірі осы спартакиада екенін атап өтті.