Шымкентте полицейлерді балағаттаған бойжеткеннің үстінен іс қозғалды

Фотография - Шымкентте полицейлерді балағаттаған бойжеткеннің үстінен іс қозғалды

Шымкент қаласында тәртіп сақшыларына дөрекілік танытып, балағаттаған 20 жастағы бойжеткеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

245 0

Шымкент қаласында тәртіп сақшыларына дөрекілік танытып, балағаттаған 20 жастағы бойжеткеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Шілде айының 25 күні Еңбекші ПБ-нің кезекші бөліміне қаладағы үйлердің бірінде тұрғындар түнгі тыныштықты бұзып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары аталған мекен-жайға барып, көппәтерлі үйде 20 және 21 жастағы екі бойжеткеннің айқай-шу көтергенін анықтады.

Полиция қызметкерлерінің құқықбұзушылықты доғару жөнінде жасаған ескертуіне ашуланған 1995 жылы туған қыз тәртіп сақшысының жеке басының ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттаған. Тәртіп сақшылары оны Шымкент ҚІІБ Еңбекші полиция бөлімінің кезекші бөліміне жеткізді.

Бұл жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 378-бабы 1-бөлігімен "Билік өкілін балағаттау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, аталған бабтың 1 бөлігіне сәйкес, билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау әрекеттері үшін бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!