Алматы көшелерінде жаңа велосипед жолы пайда болады

Фотография - Алматы көшелерінде жаңа велосипед жолы пайда болады

Тимирязев көшесінде жаңа веложол пайда болады. Мамандар оның құрылысын биыл күзге дейін аяқтап бітуі тиіс.

246 0

Тимирязев көшесінде жаңа веложол пайда болады. Мамандар оның құрылысын биыл күзге дейін аяқтап бітуі тиіс.

Бұл құрылыс даттық сәулетші Ян Гейлдың жобасы бойынша іске асуда. Жаңа веложол ҚазҰУ қалашығынан бастап Манас көшесіне дейін созылады. Сондай-ақ, бұл маңға жүргінші жолы төселіп, орындықтар қойылады. Ал көшеге бірнеше шам жарық түсіріп тұрады. Тың жобаны жүзеге асыруға 30 құрылысшы жұмылған.

«Тұжырымдамамыз бойынша келетін болсақ, веложол салынады. Оның ені 3 метр. Тағы жаяу жүргінші жол салынады. Ол да 3 метр болады. Сонымен қатар, жүргінші жолына шамдар қойылады. Бұл түнде қала қонақтары мен алматылықтардың еркін қыдыруына жол ашады», - деді Алматы қ. Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев. 

 

 

baq.kz

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!