Қызылордада асык-party үлкен танымалдылыққа ие болуда

Фотография - Қызылордада асык-party үлкен танымалдылыққа ие болуда

Қызылорда тұрғындарының арасында асык-party үлкен танымалдылыққа ие болуда.

260 0

Қызылорда тұрғындарының арасында асык-party үлкен танымалдылыққа ие болуда.

Асық ойынына қызығушылық танытып отырған қызылордалықтардың саны күн санап артуда, тіпті асық кешін қала орталығында әр сенбі сайын өткізіп тұру жоспарланып отыр. Себебі Қызылордада асық атуды еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнайды, соның ішінде қыздар да бар, ал Қазақстанның «Асық ату» ұлттық федерациясының басшысы Мұрат Әбенов те Қызылорда өңірінің тумасы.

«Қызылордада асык-party кешін ең алғаш өткізгенде, бар болғаны он адам келген еді. Алайда біздің орталық алаңда ұйымдастырған ойынымыз қалалықтардың қызығушылығын тудырды. Енді жаймашуақ жаздың жылы кештерін тұрғындардың көбісі асық ойнап, көңілді өткізгісі келеді. Сондықтан да әуесқойлар арасында асық атудан әр сенбі сайын турнир өткізіп тұруды қолға алмақпыз. Келем деушілерге есік ашық әрі кіру де тегін», - дейді қалалық асық ойынының ұйымдастырушысы Фархад Абжаппаров.

Фархадтың айтуынша, бүгінде ойын үшін қажетті асықтарды табу аздаған қиындық туғызуда.

 

 

 

BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!