Алматыда селден зардап шеккен тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіліп жатыр

Фотография - Алматыда селден зардап шеккен тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіліп жатыр

Алматыда су тасқынынан зардап шеккен Наурызбай ауданындағы Қарағайлы, Таусамалы, Құрамыс және Алатау ауданындағы Алғабас ауылының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жылжымалы медициналық кешен Қарағайлы ауылының медициналық пунктінде орналасқан.

202 0

Алматыда су тасқынынан зардап шеккен Наурызбай ауданындағы Қарағайлы, Таусамалы, Құрамыс және Алатау ауданындағы Алғабас ауылының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жылжымалы медициналық кешен Қарағайлы ауылының медициналық пунктінде орналасқан.

Алматы медициналық колледжінің студенттері мен оқытушыларынан құралған 30-ға тарта ерікті осы ауылдарда орналасқан 500-ден аса ауланы аралап шықты. Олар тұрғындардың денсаулығын тексеріп, гигиеналық шаралар мен аурулардың алдын алу туралы парақшалар таратты.

 «Апат болған күннен бастап қаланың медициналық қауымдастығы аяғынан тік тұрып қызмет көрсетіп жатыр. Су тасқыны кезінде 20 жедел медициналық жәрдем бригадалары көмек көрсетіп, 5 зардап шеккен тұрғын №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ауруханада 6 науқас ем қабылдап, қалғандары денсаулығының жақсаруына байланысты отбасына оралды. Бүгін Қазақ-Ресей университетімен біріге отырып осындай акция ұйымдастырып жатырмыз. Әдетте апат болған жерлерде дизентерия, тұмау сияқты жұқпалы аурулардың ошағы пайда болады. Бүгін Алматыда ондай көрініс байқалмайды. Эпидахуал тұрақты. Сонда да тұрғындарға жұқпалы ауруларға қарсы антибактериалды дәрмектер, антибиотиктер тегін таратылып жатыр», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Жанат Қасымжанова.

Қазір Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы және Қазақ-Ресей медициналық университетінің бастамасымен құрылған арнайы дәрігерлер тобы 2 мыңға жуық адамға көмек көрсетуде. Атап айтқанда, инфекционист мамандар, травматолог, хирург, кардиолог және психолог, балалар дәрігерлерінің тегін қабылдап жатыр.

 

 

ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!