Астанада жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін арнайы төлем карталары жасалады

Фотография - Астанада жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін арнайы төлем карталары жасалады

Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен "Astana LRT" компаниясы бірігіп тамызда жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін фототіркеу процедурасын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

202 0

Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен "Astana LRT" компаниясы бірігіп тамызда жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін фототіркеу процедурасын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 Фотоға түсіру тегін және қаланың қоғамдық көліктерінде электронды төлем жүйесінің енгізілуі аясында өткізіледі.  

Бүгінгі күні  "Сарыарқа", "Есіл" және "Алматы" аудандарында орналасқан жиырма бес фототіркеу пункті анықталған. Астанада жеңілдікпен жүретін азаматтар категориясына кіретін тоқсан мыңнан астам адам тіркелген. Оған жататындар: 

- ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілген тұлғалар;
- жасы және қызмет еткен уақыты бойынша зейнеткерлер;
- жасына байланысты және асыраушысынан айырылғандығына байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлем алатындар;
- көпбалалы отбасылар;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;
- студенттер мен оқушылар.

Фотоға түсіру және жеке жолақысын төлеу карталарын дайындау ақысыз жүзеге асырылады. Аталмыш карталар иелеріне қоғамдық көлікте электронды төлем жүйесін енгізгеннен кейін беріледі. 

Атап өтейік, жолақысын төлеудің электронды жүйесін енгізу бір реттік жол билеттерінің есебінің болмауы, жолаушылар легі туралы нақты мәліметтің болмауы, қоғамдық көлік қызметкерлерінің табыс мөлшерін жасыруы және қазіргі жолақысын төлеу жүйесінің жалпы қолайсыздықтары сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жолақысын төлеудің электронды  жүйесі халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартып, қаржы легінің және салық жинаудың айқындығын арттырып, жолаушылардың көлікке мініп түсу уақытын қысқартып, «билетсіздерді» анықтауға көмектеседі. Жеңілдікпен жүретін азаматтар категориясын фототіркеуден өткізу процедурасы тамыздың соңына дейін жалғасады. Фотоға түсіру үшін өзімен бірге жеке куәлік болу керек және Астана қаласында тіркеліп, осы жерде тұрақты тұру керек. Жолаушыларға қолайлы болу үшін және консультация жүргізу мақсатында  фототіркеу өткізіліп жатқан кезеңде барлық сұрақтар бойынша хабарласу үшін 57-47-77 номері бойынша call-орталық ашылды.  

 

ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!