Алматы қаласындағы селдің салдарын жою жұмыстары жалғасуда

Фотография - Алматы қаласындағы селдің салдарын жою жұмыстары жалғасуда

Сел ағынынан зардап шеккен Алматы қаласының аудандарында 3008 адам мен 394 бірлік техника авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

285 0

Алматы қаласындағы селдің салдарын жою жұмыстары және Алматы облысында селдің алдын алу іс-шаралары жалғасуда.

Сел ағынынан зардап шеккен Алматы қаласының аудандарында 3008 адам мен 394 бірлік техника авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Наурызбай ауданындағы тұрғын үйлер мен №187, 188, 192 жалпы білім беретін мектептер, сондай-ақ көшелер мен жолдар селмен келген батпақ пен тастан тазартылуда. Лай мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қала сыртына шығару ұйымдастырылды. Қарғалы бөгетінің темір торларын және өзен арнасын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 4,2 шақырым өзен арнасы тазаланды. Құлаған ағаштарды кесу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 83 332 текше метр селмен келген лай қала сыртына шығарылды.

Энергетикалық қызметтер зақымданған 10 бағананы қалпына келтіріп, электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар ГАЗ қызметі Қарағайлы елді мекеніндегі Алмалы көшесін, "Жайлау", "Геолог" және "Ардагер" бау-бақша қауымдастықтарын көгілдір отын көзіне қосу жұмыстарын атқаруда.

Сумен қамту қызметтері су құбырларын қалпына келтіру арқылы бөгеттің жоғары жағындағы суды ағызып жіберу жұмыстарын жүргізді.

№176 мектеп-гимазия ғимаратында медициналық көмек көрсету бекеті ұйымдастырылды.

5 стационарлық және жылжымалы тамақтандыру пункттері қызмет көрсетуде.

Байланыс және құлақтандыру қызметі 42 кабельді люктерді тазалау жұмыстарын жүргізді.

Алатау және Әуезов аудандарында да үйлерді, көшелер мен жолдарды лай мен қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Тазаланған аумақтардан тиісінше 25 455 және 2690 текше метр селмен келген лай қала сыртына шығарылды.

Жалпы зардап шеккен аудандардан қала сыртына 111 477 текше метр лай мен қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған.

Алғабас елді мекенінің Қали Надыров, Ақпаев, Жандосов, Қажымұқан, Асылжанов, Достық, Ақсай және Домалақ-ана көшелеріндегі тұрғын үйлер мен аулаларды зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысының Ақсай тау шатқалында "Қазселденқорғау" ММ мен ҚР Ұлттық Ұланының Азаматтық қорғаныс полкі Оң Ақсай мұздақ көліндегі эвакуациялық арналарын тазалау және тереңдету бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Судың деңгейін төмендету мақсатында №8 және №8а көлдерін босату жұмыстары атқарылуда.

baq.kz


Тегтер:

Алматы сел

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!