"ASTANA-OPEN 2015" шахмат фестивалі өтті

Фотография - "ASTANA-OPEN 2015" шахмат фестивалі өтті

Х.С.Омаров атындағы елордалық шахмат клубында "ASTANA-OPEN 2015" ашық фестивалі өтті. Шараға Республиканың көптеген үздік шахматшылары жиналды.

492 0

Х.С.Омаров атындағы елордалық шахмат клубында "ASTANA-OPEN 2015" ашық фестивалі өтті. Шараға Республиканың көптеген үздік шахматшылары жиналды. Фестиваль бес турнирден тұрды, оған Қазақстанның тоғыз аймағынан екі жүзге жуық спортшы қатысты. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бірінші блиц бойынша турнирге өте мықты құрам қатысты: 4 гроссмейстер, 6 шебер және көптеген спорт шеберіне кандидаттар. Жас шахматшылар ҚР ерлер құрамасынан көптеген тәжірибе жинақтады. 11 турлық марафон нәтижесінде бірінші орынды Қарағандылық гроссмейстер Рустам Хуснутдинов, екінші орынды Павлодардан келген халықаралық гроссмейстер Ринат Жұмабаев, үшінші орынды астаналық шебер Аян Ахметов иеленді.

Сонымен қатар, фестиваль аясында төрт турнир өті: екі "Жас жұлдыздар" балалар турнирі, бір жалпы турнир және спорт шеберлігіне кандидат нормасы бар турнир. Бірінші балалар турниріне 8 жасқа дейінгі (2007 жылдан бері қарайғы) балалар сайысқа түсті. Бірінші орын мен Турнир кубогын Астана қаласының чемпионы Дамира Маджанова алды. Екінші орынды қала біріншілігінің қола жүлдегері Арлан Біржанов иемденсе, үшінші орын Диана Қайырбекке бұйырды. Екінші балалар турниріне (12 жасқа дейінгі, 2003 жылдан бері қарайғы) тәжірибелі балалар жиналды, олардың қатарында Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері, Қазақстанның балалар чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

"А" деп аталатын негізгі турнир қатысушыларының барлығы дерлік ФИДЕ халықаралық рейтингін алған. Балалар турнирінің көптеген қатысушылары мықты қарсыластармен ойнап тәжірибе жинау мүмкіндігін жіберіп алғысы келмей, таңертеңгі балалар турнирінен кейін үлкендерге қарсы ойнады. Бірінші орынды Еркін Қозғанбай иеленді (Астана қ., юниорлар арасында Қазақстанның көпдүркін чемпионы), екінші орын үлкен үміт күттіріп жүрген Ержан Ілияшевке (Алматы қ.) бұйырса, үшінші орынды тәжірибелі спортшы Бахыт Теміров (Шымкент қ.) алды.

Фестивальдің барлық қатысушылары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!