Ақмола облысында мешіттен садақа жәшігін ұрлағандар ұсталды

Фотография - Ақмола облысында мешіттен садақа жәшігін ұрлағандар ұсталды

Ақмолалық полицейлер мешіттен садақа жәшігін ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, ұрланған ақша тәркіленді.

437 0

Ақмолалық полицейлер мешіттен садақа жәшігін ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, ұрланған ақша тәркіленді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінен мәлімдегендей, 20 және 22 жастағы екі жас жігіт ұсталған.

"Қос күдікті де бұған дейін істі болған және Ақкөл қаласында тұрады", - деп нақтылады баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук.

Оның айтуынша, жәшікте 157 мың теңге болған екен, қолды болған ақша тәркіленді.

Естеріңізге салып өтсек, мешіттегі садақа салуға арналған жәшік 25-нен 26 шілдеге қараған түні жоқ болып кеткен. Оқиға туралы полицияға жергілікті имам хабарлаған.

"Күдіктілер бірден кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды (188-бап, 2-тармақ). Аталған баптың санкциясына сәйкес жас жігіттер мүлкі тәркіленуімен қоса 5 жылға сотталуы мүмкін", -деп түйіндеді Г.Пинчук.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!