Алматыда жаңа әуежай бой көтеруі мүмкін

Фотография - Алматыда жаңа әуежай бой көтеруі мүмкін

Инвестиция және даму министрлiгi Алматы әуежайының құрылысын салуға ниет бiлдiрген үш шетелдiк компанияның ұсынысын қарастыруда.

312 0

Инвестиция және даму министрлiгi Алматы әуежайының құрылысын салуға ниет бiлдiрген үш шетелдiк компанияның ұсынысын қарастыруда. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттiгiнiң ресми сауалына берген жауабында Инвестиция және даму министрлiгi хабарлады.

"Қазақстанның екi негiзгi әлемдiк нарықтың ортасында орналасуы 66 қадамда ("100 қадам" Ұлт жоспары) айтылған авиациялық хабтың құрылуын талап етедi. Оған Алматыда тиiстi инфрақұрылымы бар жаңа әуежайды салу арқылы қол жеткiзу жоспарланып отыр. Бұл бағытта жұмыстар басталды. Бүгiнде үш инвестордың: қытайлық "Тенгри Холдинг", сингапурлық "Changi Airports International Ltd" және француздық "Vinci Group" компанияларының ұсыныстары қаралды”,  – делiнген «ҚазАқпарат» агенттiгiне берiлген жауапта.

Министрлiктiң атап көрсетiлгенiндей, "Тенгри Холдинг" пен "Changi Airports International Ltd" жаңа әуежайдың жобасын ұсынса, француздық "Vinci Group" компаниясы қолда бар әуежайды кеңейту бойынша жобаны ұсынуда.

Инвесторлар негiзгi талап ретiнде салық саясатын жеңiлдетудi, қажеттi инфрақұрылымды республикалық бюджет есебiнен салуды және жер учаскесiн бөлудi сұрап отыр.

"Инвестициялық ұсыныстар алдын ала қарастырудан өткен соң, жобаның стратегиялық маңыздылығы мен жоғары құнын ескере отырып, ең тиiмдi ұсынысты анықтау үшiн шетелдiк кеңесшiлер тартылды", – деп жазылады хабарламада.


Тегтер:

Алматы әуежай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!