Биылғы жылы Астанада 50-ге жуық аула абаттандырылады

Фотография - Биылғы жылы Астанада 50-ге жуық аула абаттандырылады

Астанада аула іші аумақтарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Кешенді жөндеу жұмыстары аясында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынып, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады, сонымен қатар, аулаларда жаңа автокөлік қоятын орындар жасалады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

247 0

Астанада аула іші аумақтарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Кешенді жөндеу жұмыстары аясында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынып, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады, сонымен қатар, аулаларда жаңа автокөлік қоятын орындар жасалады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.   

"Алматы" ауданында 27 орамішілік аула аумақтарын кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс аясында көпқабатты сектордың 62 тұрғын үйі қамтылып, оларда балаларға арналған 36 ойын және 11 спорт алаңы салынып, 419 қоқыс жәшігі, 389 орындық, 30 сәкі, 40 кір жаятын алаң орнатылады. Сонымен қатар, 378 автокөлікке арналған тұрақ жасау жұмыстары басталды. 65 металл гараж бен 5 сауда павильоны шығарылған.

"Алматы" ауданы әкімдігінде хабарлағандай, бүгінгі күні Жирентаев көшесі 20/1, 22, 22/1, Қажымұқан көшесі 22, 26, 28, Жұмабаев көшесі 1, Абылайхан даңғылы 47, 49 бен Рысқұлбеков көшесі 4/1 дейінгі үйлер арасындағы жолдарда, Жұбанов көшесі 29/1 мекен-жайлары бойынша жұмыстар аяқталды.

Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша балаларға арналған 34 ойын алаңы мен 4 спорт алаңын орнату жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Республика даңғылы 6, 6/1, Республика даңғылы 8, Республика даңғылы 18а, 18в, Республика даңғылы 28, Ғабдуллин көшесі 6, 6а, Ғабдуллин көшесі 11, Ташенов көшесі 19, Бараев көшесі 10/1, Б. Момышұлы даңғылы 6/1, Маяковский көшесі 4а, Күйші Дина көшсі 11/1, 13, 15, С. Рахымов көшесі 22, Сембинов көшесі 14, Отырар көшесі 3, Қ. Мұңайтпасова көшесі 2, 4, Тәуелсіздік даңғылы 4/1, Абай даңғылы 53/1, Кенесары көшесі 74, Таха Хусейн көшесі 1, 2/1, 2, 2а, Шалкөде көшесі 6, 8, Рысқұлбеков көшесі 7, Пушкин көшесі 7, Брусиловский көшесі 5, Кенесары көшесі 51, Абай даңғылы 45/1, 45/2 және Рысқұлбеков көшесі 2/2 мекен-жайлары бойынша балалар ойын кешені орнатылған.

"Сарыарқа" ауданында 14 аула абаттандырылады, бұл жерде асфальтті-бетон жабындысын ауыстыру, спорттық жаттығу құралдары мен балалар алаңдарын орнау жоспарланып отыр. Ағаштар отырғызылып, аумақ жасылдандырылады.

"Есіл" ауданында абаттандыру жұмыстары келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

1) Сарайшық көшесі,34;

2) Алматы көшесі, 13;

3) Қорғалжын тас жолы,6;

4) Қабанбай батыр даңғылы, 7/1, 7/2, 7/3;

5) Ақмеші көшесі, 7;

6) Қорғалжын тас жолы, 9, 39,

7) Нагорная көшесі, 21;

8) Сауран көшесі, 14, 14/1.

Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары аясында мердігерлік ұйымдар бұрын абаттандырылған аулалар аумағында жұмыстар жүргізуде: спорттық және ойын алаңдары жөнделіп, спорттық жаттығу құралдары мен снарядтар, сәндік қоршаулар ауыстырылуда. Балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңдарында арнайы жарақат қаупі жоқ резіңке жабындар орнатылуда. 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!