Қызылорда өңірінде малдың қырылу себебі белгілі болды

Фотография - Қызылорда өңірінде малдың қырылу себебі белгілі болды

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында мыңға жуық қой мен қозының шығыны пастереллез және эндотоксимия ауруынан келген

188 0

 Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында мыңға жуық қой мен қозының шығыны пастереллез және эндотоксимия ауруынан келген, деп жазады "Хабар".  
Облыстық ветеринариялық бақылау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда аудан көлемінде төтенше жағдай жарияланып, ауырған малдарды оқшаулап, емдеу шаралары жүруде. Бұл мақсатқа бірнеше ветеринариялық бригада жұмылдырылған.  Шілде айының басында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы бірнеше шаруа қожалықтың төлдері арам қатқанын хабарлаған болатынбыз. Өлген малдың дені - 4-5 айлық төлдер. Қауіпті инфекцияның қайдан және қалай жұққаны әзірге белгісіз.

"Ауру болған, тараған елді мекендерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайды өз құзыреті шегінде аудан әкімдері жариялайды", - деді Қызылорда облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Саид Молдақараев.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!