Қызылорда облысында ішімдікке салынған әйел бес баласынан бас тартты

Фотография - Қызылорда облысында ішімдікке салынған әйел бес баласынан бас тартты

Жалағаш ауданының тұрғыны үшін бес баласынан гөрі, ішімдік қымбат болған. Бүгінде далада қалған бес баланы облыстық кәмелетке толмаған жасөспірімдер туралы орталыққа қабылданды.

206 0

Қызылорда облысында ішімдікке салынған ана бес баласынан бас тартты. Бұл туралы аймақтық телеарнаға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жалағаш ауданының тұрғыны үшін бес баласынан гөрі, ішімдік қымбат болған. Бүгінде далада қалған бес баланы облыстық кәмелетке толмаған жасөспірімдер туралы орталыққа қабылданды.

Анар, Рамазан, Мөлдір, Расул есімді төрт бала әзірге осында түнеп жүр. Ал үйдің кенжесі, әлі екіге толмаған Мұхаммед уақытша балалар үйіне орналастырылған.

"Мен анамды көргім келмейді. Ол ішімдікке салынған соң, біз туралы ойлаған емес. Тіпті, осында бір рет келгенінде де арақ ішіп келді", – дейді үйдің үлкені, 14 жастағы Анар.

Анасының жөнге келмейтінін білген соң, орталық қызметкерлері патронаттық ата-ана іздей бастайды, Қуанышқа қарай, бүгінге дейін 3 бала тәрбиелеп отырған отбасы ананың қарауынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет танытып отыр.

балалар



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!