Куала-Лумпур қаласында Алматы өтінімі таныстырылды (видео)

Фотография - Куала-Лумпур қаласында Алматы өтінімі таныстырылды (видео)

Олимпияда ойындарын өткізу үшін таласқа Алматы мен Бейжің қалалары түсіп жатқаны белгілі.

280 0

Бүгін 2022 жылғы қысқы Олимпиялық ойындар астанасын таңдау жүргізіледі. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Олимпияда ойындарын өткізу үшін таласқа Алматы мен Бейжің қалалары түсіп жатқаны белгілі. Алайда, шешім Халықаралық олимпиялық комитеттің кешеден бастап жүріп жатқан 128-ші сессиясының аясында, бүгін түс қайта өтетін дауыс беру қорытындысы бойынша шығарылады. Осыған байланысты екі қаланың өтінімдерінің тұсаукесерлері өтті. Шараны Алматы өтінім комитетінің мүшелері Астана уақыты бойынша 8:30-да бастады. Ал 9:55-те кезек Бейжіңге келді. Халықаралық олимпиялық комитеттің 2022 жылғы қысқы Олимпиада астанасын белгілеу туралы шешімін жариялау 15:30-да басталады. ХОК мүшелері алдында сөз сөйлеген Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Алматының Олимпиада өткізудегі артықшылықтары туралы айтып берді. Оның айтуынша, қаладағы Ойындарды өткізуге қажетті 13 нысанның 9-ы қазірдің өзінде дайын. Ол сонымен бірге Алматының жарыстарды қабылдауға экономикалық жағынан да әзір тұрғанын сөз етті. Айта кетейік, 2022 жылғы Олимпиада егесі тағдырын ХОК-тің 105 мүшесі шешетін болады. Куала-Лумпур сондай-ақ 2020 жылғы қысқы жасөспірімдер Ойындары өтетін жерді де анықтайды. Оған Швейцарияның Лозанна және Румынияның Брашова қалалары таласып жатыр. Сессия тамыздың 3-не дейін созылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!