Алматылықтар олимпиаданың өз қалаларында өтуіне барын салып жанкүйер болды (Фоторепортаж)

Фотография - Алматылықтар олимпиаданың өз қалаларында өтуіне барын салып жанкүйер болды (Фоторепортаж)

Республика сарайының алаңына бес мыңға жуық адам жиналған. Мұнда мемлекеттік қызметкерлер, спортшылар, және де қарапайым тұрғындар да болды.

438 0

Бүгін, Алматының Абай ескерткіші орналасқан  Респулика сарайының алдында Куала-Лумпурде Халықаралық олимпиялық комитеттің кешеден бастап жүріп жатқан 128-ші сессиясы сайлауының трансляция көрсетілді. Тікелей эфирден алматылықтар 2022 жылы қысқы олимпиданың қай қалада өтетіндігін тамашалады. Іс-шараны Today.kz сайтының тілшілері де тамашалады. Алматыда өткізілу мәртебесі қытайлықтардан қалып қойғанымен, қала тұрғындарының жеңіске деген үміті зор екендігі байқалды.
Республика сарайының алаңына бес мыңға жуық адам жиналған. Мұнда мемлекеттік қызметкерлер, спортшылар, және де қарапайым тұрғындар да болды. Жиналғандар арасында студенттердің көптігін айта кеткен жөн.

 

 

9-жасар Дариға Олимпиядалық ойындарды тамашалағысы келеді. Мұнда ол анасымен бірге келген. 2022 жылы оның жасы 16-ға толады. "Менің туған қаламның жеңіске жеткенін қалаймын", - дейді Дариға.

Міне ең шешуші уақытта жетті. Экранда ХОК-нің өкілі сайаудың қорытындысын жариялауда. Алаңда өлі тыныштық.

 

Алматы Олимпиада қожайыны болуға өкінішке орай бола алмады. Жиналғандардың көңілдері қалды.

 
 

Естеріңізге сала кетейік, Куала-Лумпуре (Малайзия) Халықаралық спорт комитеті 2022 жылғы қысқы Олимпияданы Бейжіңде өткізу бойынша шешім шығарды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Пекин 44 дауыс жинаса, Алматы 40 дауысқа ие болды.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!