Астананың теміржол вокзалында флешмоб ұйымдастырылды (ВИДЕО)

Фотография - Астананың теміржол вокзалында флешмоб ұйымдастырылды (ВИДЕО)

Астана қаласы темір жол вокзалының перронында флешмоб ұйымдастырылып, шағын концерт қойылды.

160 0

Астана қаласы темір жол вокзалының перронында флешмоб ұйымдастырылып, шағын концерт қойылды. "Тұлпар-Тальго" пойызының жас, өнерлі жолсеріктері өздерінің кәсби мерекесі - Көлік қызметкерлері күнін осылай ерекше атап өтуде, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен. 

"Жолаушыларға сапар алдында мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Өйткені олардың ұлттық тасымалдаушы компанияға деген көзқарасы біздің қызметімізге тікелей байланысты. Қазір пойыздарда сервистік қызметтің деңгейі заман талабына сай өсіп келеді. Түрлі жеңілдіктер қарастырылған билеттер де қолжетімді", - дейді жолсеріктер.

Мерекелік шара барысында викторина өткізіліп, оның жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар және "Тұлпар-Тальго" пойыздарына билет сатып алғанда 10 пайыздан 20 пайызға дейін жеңілдіктерге беретін "Саяхатшы" дисконттық карталары табыс етілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!