Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру аса маңызды - Ж.Қожжанов, БҚО

Тыныс-тіршілік
939
Елбасымыздың "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында бірінші кезекте мемлекеттік аппаратты кәсібилендіріп, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге жаңа талаптар қоюы аса маңызды дер едім.

Елбасымыздың "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында бірінші кезекте мемлекеттік аппаратты кәсібилендіріп, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге жаңа талаптар қоюы аса маңызды дер едім. Бұл туралы "Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов мәлім етті.

Оның айтуынша, еліміздегі экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық реформалардың орындалуы көп жағдайда осы мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына, білімі мен біліктілігіне, іскерлігіне байланысты. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік органдардың өкілі бола отырып, өз ісін жетік білуі тиіс. Яғни кәсібилігі жағынан жоғары санатты маман болуы керек.

Мемлекет басшысы Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына енуін басты міндет етіп отырған кезеңде мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі арта түседі. Егер олар кәсібилігі жағынан алда болса, заман ағымын алдын ала аңдап, дұрыс бағытты таңдай біледі. Сонымен қатар өндіріс болсын, ауыл шаруашылығы болсын немесе әлеуметтік сала болсын, қай-қайсысын да терең саралай білсе, бәсі арта түсетіні талассыз.

"Елбасымыздың "100 нақты қадамын" жүзеге асырудан ешкім де шет қалмауы тиіс. Соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар да өз үлестерін қоса алады. Осы орайда БҚО мүгедектері ерікті қоғамы да өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, өздерінің қал-қадерінше қызметтерін атқарып келеді. Мемлекет тарапынан мүгедектерге қамқорлық көрсетіліп, оларды жұмысқа орналастыруға барынша мән берілуде. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандар да өз белсенділіктерінен танбақ емес", - деп түйіндеді ойын Ж.Қожжанов.

ҚазАқпарат 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить