Алматыда жоғалып кеткен екі бала табылды

Фотография - Алматыда жоғалып кеткен екі бала табылды

Алматыда жоғалып кеткен 8 және 5 жасар бала табылды. Бүлдіршіндер Талғардағы нəрестелер үйінде екен.

320 0

Алматыда жоғалып кеткен 8 және 5 жасар бала табылды. Бүлдіршіндер Талғардағы нəрестелер үйінде екен.

Адасып жүрген Нахаева Полина мен Александрды белгісіз азаматтар нəрестелер үйіне апарып тастаған.

"Бүлдіршіндер үлкен тас жолға шығып кеткен. Сол жерде оларды көрген адамдар Талғарға жеткізген. Қазір балалардың денсаулығы мен өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Олар жақын арада кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына ауыстырылады.  Ішкілікке салынған анасын ата-ана құқығынан айыру мəселесі қаралады", - деді қалалық ІІД əкімшілік полициясының бөлім басшысы Лейла Əліпбаева.

Айта кетейік, 2008 жылы туған Александр Нахаев пен 2010 жылы туған Полина Нахаева 28 шілдеде Медеу ауданындағы саяжайлардың бірінде орналасқан үйінен шығып кеткен.

Бүлдіршіндер үйде ата-анасының қарауынсыз отырған.

Медеу аудандық ІІБ хабарлауынша, анасы балалардың жоғалғаны туралы полицияға 2 тәуліктен соң хабарлады. Осыған дейін ол бүлдіршіндерді туысқандары алып кетті деген сенімде болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!