Ресейдің Мәдениет министрі 28 панфиловшының ерлігіне шүбә келтірген мұрағат басшысын "тәубесіне" келтірді

Фотография - Ресейдің Мәдениет министрі 28 панфиловшының ерлігіне шүбә келтірген мұрағат басшысын "тәубесіне" келтірді

Ресей мұрағатының басшысы қандай да бір тарихи құжатты бағалауға құқылы емес. Өйткені, бұл мүлдем бөлек мамандық.

425 0

Ресей мұрағатының басшысы қандай да бір тарихи құжатты бағалауға құқылы емес. Өйткені, бұл мүлдем бөлек мамандық. Мұндай пікірді Ресей Мәдениет министрі Владимир Мединский білдірді, деп жазады "Коммерсантъ".

"Ресейлік мұрағат басшысы - ол жазушы да, журналист те, тарихи бұрмалаушылықпен күресуші де емес. Біз еш уақытта да мұрағат жұмысына араласуға тырысқан жоқпыз. Бұл оңай шаруа емес. Сондықтан оны кәсіби мамандарға сеніп тапсырған жөн. Дегенмен, мұрағат қызметкерлері айналысуы тиісті мәселелер де бар", - деді ол мұрағат ісі проблемалары қаралған жиын барысында.

В.Мединскийдің атап өтуінше, мұрағат қызметкерлері мемлекет қаржы төлеген іспен ғана айналысып, аралас мамандықты меңгеруге ден қоймауы тиіс. Оның пайымынша, мемлекет ресейлік мұрағаттардың басшыларына ақшаны адамдарға құжаттарды ұсыну үшін төлеп отыр. Ал одан кейінгі түпкілікті қорытынды шығару журналистердің ісі.

"Ал егер де басшылардың бірі мамандығын ауыстыруға ниет танытса, біз оны түсінеміз", - деді Ресей Мәдениет министрі.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ресей Мемлекеттік мұрағатының директоры Сергей Мироненко Дубосеково түбінде 28 панфиловшының немістің 50 танкісінің жолын кескендігі жайлы ерлігін жоққа шығарған еді. Сонымен қатар ол саяси жетекші Василий Клочковтың "Шегінер жер жоқ, Артымызда Мәскеу!" деген сөзінің де ойдан шығарылғандығын айтқан болатын. Оның сөзіне қарағанда, бұл қанатты сөзді "Красная Зведа" газетінің әдеби хатшысы Александр Кривицкий ойдан шығарған. Дәл осы журналист 28 панфиловшының да ерлігін жазған еді.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!