Қазақ жігіті ағылшын фильміне түседі (ФОТО)

Фотография - Қазақ жігіті ағылшын фильміне түседі (ФОТО)

Алматылық Димаш Әділет Ұлыбританиядан Instagram әлеуметтік желісі туралы деректі фильмге түсуге шақырту алды. Фильмде желі арқылы танымал болған адамдар жайлы баяндалады.

2533 0

 Алматылық Димаш Әділет Ұлыбританиядан Instagram әлеуметтік желісі туралы деректі фильмге түсуге шақырту алды. Фильмде желі арқылы танымал болған адамдар жайлы баяндалады.
Димаш Instagram-ға осыдан үш жыл бұрын тіркелген. Бастапқыда күнделікті сурет­­терін жүктеп, өміріндегі қызық­тар мен алған әсерлерін ортаға салып отырған. Уақыт өткен сайын жазылушылары көбейіп, танымалдығы арта түседі.

"Танымал болуды мүлдем ойлаған жоқпын. "Көппен көрген - ұлы той" демекші, елмен бірге тіркелдім. Ал парақ­шама жазылушылардың саны артқан кезде желіні мүлдем басқа мақсаттарда пайдалануға болатынын түсініп, белсенділік таныттым. Атап айтқанда, жарты жыл бұрын жазбаларымның форматын өзгерттім. Енді тек суреттер ғана емес, әр түрлі та­қырыпта шағын әңгімелер жа­зып, жариялай бастадым. Нә­тижесінде, оқырмандарымның саны бұрынғыдан да еселене түсті", - дейді Димаш.

Бүгінде ол Швейцарияда білім алып жүр. Сондықтан оған жазылушылардың қатарында ағылшынтілділер өте көп. Соны ескеріп өзі де жазбаларын орыс және ағылшын тілдерінде жария­лайды. Қазақ жастарының ешкімнен кем емес екенін дәлелдегісі келетін Димаш қатарластарының рухы асқақ, намысы биік және білімді болғанын қалайды, деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!