Ақтауда қыз бала коммуналдық қызеткерлер қазып қойған шұңқырға құлап түсті (фото)

Фотография - Ақтауда қыз бала коммуналдық қызеткерлер қазып қойған шұңқырға құлап түсті (фото)

Ақтаудың 4-ықшамауданында коммуналдық қызметкерлер қазып қойған су толы шұңқырға қыз бала құлап түсті.

165 0

Ақтаудың 4-ықшамауданында коммуналдық қызметкерлер қазып қойған су толы шұңқырға қыз бала құлап түсті.

Бұл туралы "Тумбаға" сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

4 ықшамауданның №41 үйінің қасында инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның айналасындағы үйлердің тұрғындары қазылған шұңқырды коммуналдық қызметкерлердің дұрыстап қоршап қоймағанына наздарын білдіруде. Қоршауды қойғанымен, дұрыстап бекітпегендіктен, күніне 15-ке жуық бала сол шұңқырда ойнауды ермек етеді екен.

“Балалар мұнда осы шұңқырлардың үстінен секіріп, ойнап жүреді. Сенбі күні кешкісін менің көз алдымда бір бала кішкентай қызды итеріп жіберіп, ол сол шұңқырға құлап түсті. Белінен қатты соққы алды. Мен оны әзер шұңқырдан алып шығып, үйіне апардым”, – дейді жергілікті тұрғын  Мария Смайлиева.

Мұндай қауіпті жерлер қала бойынша аз емес көрінеді.

“Қандай да бір ескертпе белгілер, жақсы қоршаулар болуы тиіс емес пе? Оның орнына коммуналдық қызметкерлер лента байлап қояды”, – дейді Бақытжан Оразбаев.

01010200 (1)


Тегтер:

Ақтау қыз бала

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!