Астанада есірткі таратумен айналысқан топтың көзі жойылды

Фотография - Астанада есірткі таратумен айналысқан топтың көзі жойылды

Астанада есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топтың көзін жойды.

333 0


Астанада есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топтың көзін жойды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментіне сілтеме жасаған, today.kz хабарлады.

Қылмыстық топтың мүшелері есірткіге ақшаны пәтер тонау арқылы тауып отырған. Ұрланған заттарды сатып, ақшасына Петропавлдан героин алған. Өздерінің бақылауда жүргенін сезбеген олар есірткіні Астанадағы сыбайластарына жөнелткен. Есірткі саудасымен айналысатындардың бірі 29 шілдеде Астанада ұсталды. 30 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынын полицейлер Абай және Уәлиханов көшелерінің қиылысында қолға түсірді. Тінту барысында одан 44 грамм героин табылды. Мұнша героиннен 500 реттік есірткі дозасы дайындалатындықтан, ол аса ірі мөлшер болып саналады.

Департаменттің хабарлауынша, жедел тергеу амалдары барысында полицейлер осы іске қатысы бар тағы екі сыбайласты тұтқындады. Олардың екеуі де Петропавл қаласының тұрғындары. Олардың бірі 1989 жылы туған, ал екіншісі 1984 жылғы. Бұл күдіктілерден пәтер есіктерінің құлыптарын бұзуға арналған арнайы құрал тәркіленді. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстанда Астанаға "сәлемдеме" жіберген топтың қалған мүшелері қолға түсті. Олардан айғақ ретінде 2 грамм героин мен тағы басқа заттар тәркіленді. Ұсталғандардың бесеуі өз қылмыстарын мойындап отыр. Бүгінде полицейлер қолға түскендердің Қазақстанның әр өңірінде тіркелген көптеген пәтер тонау істеріне қатысы бар екенін анықтады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!