Түрікстанда туа бітті жүрегі ауыратын 9 жасар қыз халықтан көмек сұрайды

Фотография - Түрікстанда туа бітті жүрегі ауыратын 9 жасар қыз халықтан көмек сұрайды

Туа бітті жүрегінде ахауы бар Түркістандық тоғыз жастағы Жансая Нұрланқызының өмірі қыл үстінде. Баланың жақындары басындағы баспанасы мен бар дүние-мүлкін саудалағанымен, отандық дәрігерлер сырқатына ем таба алмай отыр.

531 0

Туа бітті жүрегінде ахауы бар Түркістандық тоғыз жастағы Жансая Нұрланқызының өмірі қыл үстінде. Баланың жақындары басындағы баспанасы мен бар дүние-мүлкін саудалағанымен, отандық дәрігерлер сырқатына ем таба алмай отыр.

Құны қымбат ота тек АҚШ та жасалады екен. Бірақ оған отбасының жағдайы жоқ.  Жансаяның он айлығында 100 адамның бесеуінде ғана кездесетін дертке шалдыққаны белгілі болады.

Сонан бері анасы Ұлжалғас күндіз-күлкіден, түнде-ұйқыдан айырылған. Сырқаты жиі мазалап, күннен-күнге әлі кеткен бауыр еті – баласының бар ғұмыры көз алдында   аурумен күресумен  келеді.

"Жиі ауырып жүр. Мама, жүрегім ауырып жатыр десе, не істерімді білмей қаламын. Жүрекке не ем табасың!? Қолдарынан келсе, қамқорлық жасап, Жанымның саясына көмектессе деймін. Қырық мың доллар аз ақша емес", – дейді  Жансаяның анасы Ұлжалғас Шарафутдинова.

Кесел діңкені құртқанымен, талабы таудай Жансая жан-жақты өнерлі. Мектеп табалдырығын аттап көрмеген баланың бар арманы – өз қатарластарымен бірге білім алу. Сан саладан хабары бар балауса небәрі тоғыз  жаста болғанына қарамастан, біраз шыңды бағындырып, талай жетістікке де жеткен.

"Қатты қорқам ауырамын ба деп, ол кезде мамам айтады "ауырмашы" деп. Менің арманым өзімнің жүрегім жазылып кетсе деймін. Мамама қуаныш сыйлағым келеді. Бар арманым – ауырмасам болды", – дейді Жансая.

Тетрадо Фалло. Дәрігерлер Жансаяның диагнозын осылайша түсіндірді. Яғни, жүректің анатомиялық құрылысы туа бітті өзгеше. Бүгінде осының әсерінен кеуде клеткалары да дефармацияланған. Сирек кездесетін дертке тек израилдік дәрігерлер дауа табуы мүмкін..

"Шағымдары көп. Ентігіп қалады, ауыз-мұрындары көгереді, әлсіздік. Осындай жағдайлар мазалауда. Қазір емін қабылдап жатыр. Бірақ ол уақытшаға ғана. Қосымша анастамоздармен ғана өмір сүріп жүр.  Ал олар қызметін тоқтатса, қыздың жағдайы қиын болуы мүмкін", – дейді Түркістан қалалық балалар ауруханасының кардиологы Әлібек Ақжігітов.

Жансая мен оның жақындары жедел түрде емге қажетті қаражатты жинау үшін көпшіліктен көмек күтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!