Қостанайда жаңа балабақша ашылды

Фотография - Қостанайда жаңа балабақша ашылды

Қостанайда "Бизнестің жол картасы—2020" бағдарламасы шеңберінде жаңадан балабақша ашылды.

357 0

Қостанайда "Бизнестің жол картасы—2020" бағдарламасы шеңберінде жаңадан балабақша ашылды. Бұл жөнінде alau.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz  хабарлайды.

Кәсіпкер Ирина Сәдуақасова 2010 жылы өзінің бизнесін балаларға арналған шағын студиядан бастады. Оны балабақша етіп үлкейту үшін ол "Даму" қорынан көмек сұрады, сөйтіп "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының қатысушысы болып шыға келді. Балабақшаның жұмысын бастағанына шамалы уақыт болды. Қазір 100 орынды орталық 70 баламен қамтылып отыр. Балабақша меңгерушісі Ирина Сәдуақасова: "Біз Сбербанктен субсидия және несиеге кепіл алдық. Сонымен өзіміздің жеке меншік ғимаратымызды алудың сәті түсті және тағы да екі маманды жұмысқа қабылдадым. Қазір біздің балабақша ашылды, онда коммерциялық тобымыз да бар. Бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалған", – деді. Балабақша қалалық білім бөліміне «Балапан» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен берілген мемлекеттік тапсырысқа сұраныс берді. Егер ол қаржыландырылса, балабақша бюджеттік бағдарлама бойынша бүлдіршіндерді қабылдай бастайды. Кәсіпкердің несие алуға қаржысы жетпегенде "Даму" қоры оған 9 миллион теңге кепіл берді. Бұл көмек қалада тағы бір балабақшаның жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Ал бұл қалада бала бақша кезегіне тұрғандар санын сәл де болса қысқартуға себеп болары сөзсіз.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!