Петропавл әуежайын жөндеу жұмыстары басталды

Фотография - Петропавл әуежайын жөндеу жұмыстары басталды

Жобада ұшу-қону жолағын қалыңдығы 10 см құрайтын асфальтты бетонмен жабу, оны 300 метрге ұзарту, 18 метрге кеңейту, сонымен қатар ұшу жолы мен перронды қалыпқа келтіру қарастырылған

278 0

28 шілдеде "Петропавл әуежайында аэродром төсемдерін, ұшу-қону жолағындағы жасанды төсемді, перронды қалпына келтіру және ОВИ-1 жарық сигналды қондырғысын орнату" жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінен.

Қала әуежайын реконструкциялау бойынша бас мердігер электронды конкурс нәтижесі бойынша "К-Дорстрой" АҚ танылды. Оған жобалық-сметалық құжат пен құрылыс алаңы тапсырылды.

Жобада ұшу-қону жолағын қалыңдығы 10 см құрайтын асфальтты бетонмен жабу, оны 300 метрге ұзарту, 18 метрге кеңейту, сонымен қатар ұшу жолы мен перронды қалыпқа келтіру қарастырылған. Бұл жұмыстардан кейін ұшу-қону жолағы А-320-200, А-310-300, Боинг-767-200/300, Боинг-757-200/300 әуе кемелерін қабылдай алады.

Осыған орай, құрылыс аяқталғанға дейін бұл әуежай арқылы ұшу-қону тоқтатылды. Әуежайды толық қалпына келтіру жұмыстарын 2016 жылы аяқтау көзделген.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!