Алматыда сел салдарын жою жұмыстары жалғасуда - ТЖД

Фотография - Алматыда сел салдарын жою жұмыстары жалғасуда - ТЖД

Алматыда сел салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасуда. 23-ші шілде мен 1-ші тамыз аралығында 196 000 текше метрден астам тұрмыстық қалдықтар, лай және тас үйінділері шығарылды

242 0

Алматыда сел салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасуда. 23-ші шілде мен 1-ші тамыз аралығында 196 000 текше метрден астам тұрмыстық қалдықтар, лай және тас үйінділері шығарылды. 

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Қазіргі таңда төтенше жағдай орын алған аймақта апаттық-құтқару жұмыстарына аумақтық мемлекеттік органдардың, ТЖ бойынша комитеттің, Алматы  ІІД бөлімшелері, «Алматы қаласының құтқару қызметі» кәсіпорыны, ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы, ҚР ҚМ Алматы гарнизонының әскери бөлімшелері, Азаматтық қорғаныс қызметі және еріктілер тартылған.

«Қазселденқорғау» Мемлекеттің мекемесі Қарағайлы өзенінің су арнасын жіті бақылауға алған. Өзеннің бөгеттен төменгі 120 метрлік жері тазартылып, бір көпір қалпына келтірілді. Екіншісі жөнделіп жатыр. Сонымен қатар, бөгеттің жоғары жағындаға көпірге барар жолдар да тазартылу үстінде. Қазір су деңгейі қалыпты жағдайда. Одан келіп-кетер қауіп жоқ. 

Сонымен қатар, №28237-ші әскери бөлімнің жеке құрамы «Қазселденқорғау» ММ бірге Ақсай шатқалының жоғары жағындағы №8-ші және №8а морендік көлдерінің суын төмен қарай ағызу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

23-ші шілдеден 1-ші тамызға дейін Іле Алатауының сел қаупі туындауы мүмкін аймақтарына 14 ұшу сапары ұйымдастырылды.   

Бұдан өзге, елдімекендерде аулалар  мен көшелерді тазартау жұмыстары одан әрі жалғасуда.

1-ші тамызға дейін тұрғындардан 802 өтінім келіп түскен. Олардың ішінде 270 өтінім бойынша тиісті шаралар қолданылды.

Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша тұрғын үйлер мен аулаларды заласыздандыру жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда 2302 шаршы метр жер залалсыздандырылды.

Жалпы, сел салдаран жою жұмыстарына қазіргі таңда 2724 адам мен 459 техника жұмылдырылған. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!