Балалар ауылы тəрбиеленушілерінің құқын бұзу екі есеге азайған

Фотография - Балалар ауылы тəрбиеленушілерінің құқын бұзу екі есеге азайған

Бұл жөнінде «SOS Астана балалар үйі» бағдарламасының директоры Зəуреш Арыстанова мәлім етті

181 0

Соңғы жылдары балалар ауылында тəрбиеленушілердің құқын бұзу екі есеге азайған. Бұл туралы "SOS Астана балалар үйі" бағдарламасының директоры Орталық коммуникациялар қызметтерінің брифингі барысында Зəуреш Арыстанова мәлім етті.

"Балаларға жəбір көрсету, олардың құқын бұзу жағдайларының көрсеткіштеріне сараптама жасай отырып, біз балалар үйі мен ауылдарында бұл көрсеткіштің төмендегенін байқадық. Керісінше, құқық бұзушылық жайсыз отбасыларда, яғни, ата-аналардың өздерінің туған балаларының құқын бұзуы белең алғанын байқап отырмыз. Біз енді осындай жайсыз отбасылармен осы бағытта жұмыс істеуді қолға алмақпыз. 2012 жылдан бастап жүргізілген мониторингке сəйкес «Балалар ауылында» тəрбиеленушілердің құқын бұзуға қатысты 6 іс, жайсыз отбасыларда 12 іс тіркелген болатын. Ал 2014 жылы ол көрсеткіш екі есеге азайған. Қазіргі уақытта мемлекет пен үкімет балалардың құқын бұзуға қатысты факторлардың алдын алу үшін барлық жағдай жасап отыр", - дейді Зəуреш Сəкенқызы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, балалар құқының бұзылмауы үшін балаларды үймен қамту қолға алынған, 2013 жылдан бастап үздік оқушыларға депозит ашылып, ақылы білім алуларына мүмкіндік беретін ақша жинақталатын бағдарлама іске қосылған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!