Балалар ауылы тəрбиеленушілерінің 98 пайызы кəсіби білім алады

Фотография - Балалар ауылы тəрбиеленушілерінің 98 пайызы кəсіби білім алады

Еліміздегі балалар ауылы тəрбиеленушілерінің 98 пайызы кəсіби білім алады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ (Орталық коммуникациялыр қызметі) брифингінде "SOS Астана балалар үйі" бағдарламасының директоры Зəуреш Арыстанова айтты.

349 0

Еліміздегі балалар ауылы тəрбиеленушілерінің 98 пайызы кəсіби білім алады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ (Орталық коммуникациялыр қызметі) брифингінде "SOS Астана балалар үйі" бағдарламасының директоры Зəуреш Арыстанова айтты.

- Балалар ауылында балалар 1,5 жасынан бастап 16 жасқа дейін тəрбиеленеді. Балалар ауылынан тəрбиеленіп шыққан 40 баланың əрбір бесіншісі жоғары білім, 98 пайызы кəсіби білім, оларға қоса 40 тəрбиеленуші болса олардың 18-інің отбасы бар. Біздің балалардың балалары толық отбасында тəрбие алады. Бұл біздің жұмыстың үлкен жетістігі, - деді Зəуреш Сəкенқызы.

Айта кетейік, өз жұмысын 1997 жылы «SOS Алматы балалар ауылы» бастаса, «SOS Астана балалар ауылы» Астана қаласында 2000 жылы, Теміртау қаласында «SOS балалар ауылы» 2004 жылы ашылды. Бүгінгі таңда балалар ауылында 345 бала тұрады, олар жастарына сәйкес білім алып, толық қамқорлықпен қамтамасыз етілген. 800-ден астам балалар мен олардың жанұялары «Отбасын қамту SOS жобалары» арқылы жан-жақты қолдау тауып отыр.

Балалар ауылындағы тәрбиелеу кезеңінің негізі баланың жан-жақты дамуының жеке жоспары, олардың мүмкіндіктерін айқындайтын бағдар болып табылады.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!