Көлікті мас күйінде жүргізгендер 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуда

Фотография - Көлікті мас күйінде жүргізгендер 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуда

Жыл басынан бері Астана қаласында көлікті мас күйінде жүргізген 69 азамат анықталды

481 0

Жыл басынан бері Астана қаласында көлікті мас күйінде жүргізген 69 азамат анықталды. Қазіргі таңда осы фактілер арасынан 40 азаматқа қатысты үкім шықты. Ал, бір адамға қатысты іздеу жарияланды. Аталған фактілер бойынша бюджетке 3 240 570 теңге өндірілді. Бұл туралы бүгін Астана қаласының прокуратурасында өткен брифинг барысында Астана қаласы прокурорының көмекшісі, 2-ші басқарманың басшысы Руслан Айтымов мәлім етті. 

"Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының атқарған жұмыстарымен таныстырып өтсем. Өздеріңізге белгілі, бұрын мас күйінде көлік жүргізген азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 467 және 475-баптары бойынша жазаға тартылатын. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мас күйінде көлік жүргізу қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Яғни, мас күйінде көлік жүргізу әкімшілік сатыдан қылмыстық сатыға ауысты", -дей келе Р.Айтымов бұл тәртіп бұзушылықтың салдары туралы ақпарат берді.

"Енді көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, сонымен қатар, мас күйінде немесе есірткі пайдаланып алып көлік жүргізген азаматтар үш жыл мерзімге белгілі бір лауазымды қызмет атқару құқығынан шектеледі және 90 тәулікке дейін қамауға алынады", -деп түсіндірді Астана прокурорының көмекшісі.

Сонымен, жыл басынан бері Астана қаласында осындай (азаматтардың көлікті мас күйінде жүргізу немесе көлік жүргізуге құқы жоқ бола отырып, рөлге отырған) 69 факті«Жыл басынан бері Астана қаласында 69 дерек тіркелді.

Қазіргі таңда осы фактілер арасынан 40 азаматқа қатысты үкім шықты. Ал, бір адамға қатысты іздеу жарияланды. Аталған фактілер бойынша бюджетке 3 240 570 теңге өндірілді (айыппұл түрінде – агенттік). Мысалы, осы жылдың 19 маусымында, түнгі сағат 02.00 шамасында көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, есірткі тұтынып алып, «Ниссан» маркалы көлігін жүргізіп келе жатқан А. есімді азаматқа елорданың Алматы аудандық соты 99 100 теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар, үш жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырды. Ал, 18 сәуір күні тағы да түнде С. есімді елорда тұрғыны мас күйінде көлік жүргізіп бара жатып, жол полициясының көзіне түскен. Бұл азамат 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілді және үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды»,-деп түйіндеді сөзін ол. тіркелген.

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!