Маңғыстауда 8 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге үкім шықты

Фотография - Маңғыстауда 8 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге үкім шықты

Мамыр айында Сай-Өтес ауылында болған жантүршігерлік оқиғаның басты кейіпкері – 26 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды және оған генетикалық және басқа да сараптамалар жүргізгені үшін мемлекетке 2 млн. теңгеге жуық қаражат төлеу міндеттелді.

428 0

Маңғыстауда 8 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге үкім шықты.  Мамыр айында Сай-Өтес ауылында болған жантүршігерлік оқиғаның басты кейіпкері – 26 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды және оған генетикалық және басқа да сараптамалар жүргізгені үшін мемлекетке 2 млн. теңгеге жуық қаражат төлеу міндеттелді. Тергеу барысында өзге де айғақтардан бөлек, генетикалық сараптама қорытындысы бойынша мәйіттен табылған биоматериал 26 жастағы сотталушыға тиесілі болған және қыз мәйітінің қасынан табылған ұялы телефон да қосымша айғақ ретінде қарастырылған. Алдымен телефонның өзінікі екенін айтқан сотталушы кейін одан бас тартып, телефонды бұдан бірнеше жыл бұрын жоғалтып алғандығын жеткізген. Қыздың анасы Қ.Сәлімова оқиға орын алған күні қызын іздеп, сотталаушының үйіне бірнеше рет барғандығын, бірақ олардың көрмедік дегендігін, алайда күйеуіне «қыздармен бірге ойнап кетті» деп екі түрлі ақпар айтқандығын жеткізді. Сондай-ақ, тергеу барысында педофил Мақұлбековтің оқиғадан соң заттарын арнайы сөмкеге салып, полициядан бой тасалап Сай-Өтестен кетіп қалмақ болғандығы да анықталды. Алайда, ауыл тұрғындарының дер кезінде ұстап алуы оның бұл ойының жүзеге асуына мүмкіндік бермеген. Осының бәрін саралай келе, Маңғыстау облыстық соты 8 жасар Фарида Сәлімованы зорлап, кейін айуандықпен өлтірген Мақұлбековке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыскер жазаны ерекше режімдегі колонияда өтейді.

nur.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!