Түркістанға соңғы үш жылда 2 миллионнан астам турист келген

Фотография - Түркістанға соңғы үш жылда 2 миллионнан астам турист келген

Түркістанда соңғы 5-6 жыл көлемінде туристерге сапалы қызмет көрсету мақсатында онға тарта нысан бой көтерген.

313 0

Түркістанда соңғы 5-6 жыл көлемінде туристерге сапалы қызмет көрсету мақсатында онға тарта нысан бой көтерген. Оған қоса, 2013 жылы кесенеге 700 мыңнан астам турист келсе, 2014 жылы 1 млн-ға жуық адам келген. Ал 2015 жылдың 6 айында 594,8 мың турист табан тіреген. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бұл өз кезегінде келушілерге ыңғайлы жағдай мен көрсетілген қызметтің нәтижесі", - деді қала әкімі Ә.Өсербаев "Оңтүстік" ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Брифингте қала басшысы осы жылдың 6 айында аймақта атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, биылғы жартыжылдықта қаланың өңірлік өнімі 29 млрд. 359,4 млн. теңгені құраған. Оның 17,0 пайызы өнеркәсіп саласына, 19,4 пайызы ауылшаруашылық саласына, 22,1 пайызы негізгі капиталға тартылған инвестицияға және 41,5 пайызы тауар айналымы мен қызметтерді өткізу көлеміне тиесілі. Ал халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 115,3 мың теңгені құраған. Бүгінде 260 мыңға жуық халқы бар қасиетті шаһарда атқарылған шаруалар ауқымды. Халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік белсендігі артып келеді. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!