Селден зардап шеккендерге көмекке 50 млн. теңге жиналды

Фотография - Селден зардап шеккендерге көмекке 50 млн. теңге жиналды

"Жаңа Алатау" қоғамдық қорының директоры Айдар Балабеков халықтан жиналған бұл қаражат арнайы есепшотта сақталып тұр деді.

392 0

Селден зардап шеккендерге көмекке 50 миллион теңге жиналды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

"Жаңа Алатау" қоғамдық қорының директоры Айдар Балабеков халықтан жиналған бұл қаражат арнайы есепшотта сақталып тұр деді. Оны бөлу –арнайы құрылған комиссия мүшелерінің үлесінде. Балабековтің мәлімдеуінше, қазірдің өзінде Алматының Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарының селден зардап шеккен тұрғындары қордың атына өтініш түсіре бастады.

Атап өтерлік бір іс, тау өзенінің арналарын дезинфекциялау жұмысына да арнайы ақша бөлінбекші. Қазіргі таңда зардап шеккен ауданда 836 солдат тынбай жұмыс істеуде. Қор директоры Наурызбай ауданы әкімінің өтініші бойынша солдаттарға қосымша тамақ берілетін болды.

Қоғамдық қордың Наурызбай ауданындағы мекенжайы: Қали Нәдіров көшесі, 51 "А" үй, тел.: (727) 317-26-10.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде, шамамен түнгі екілерде Наурызбай ауданында екі сағатқа созылған сел жүрді.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел тасқынының орын алуына Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішінде мореналық көлшіктің суының көтерілуі себеп болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!