"Қорғас" кеден бекетінің маманына қатысты сот үкім шықты

Фотография - "Қорғас" кеден бекетінің маманына қатысты сот үкім шықты

Панфилов аудандық соты "Қорғас Шығыс қақпасы" "Қорғас" кеден бекетінің жетекші маманы А.Рахымға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

343 0

Панфилов аудандық соты "Қорғас Шығыс қақпасы" "Қорғас" кеден бекетінің жетекші маманы А.Рахымға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен. 
"Аталған азамат М-нан Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы аумағына кедендік рәсімдеусіз және кедендік төлемсіз ауырлығы 740 келі 13 орын тауарын кедергісіз өткізу үшін 35 000 теңге көлемінде пара алды деп айыпталады. Сот үкімімен А.Рахым ҚР ҚК-нің 366-бабының, 2-бөлігінде көзделген қылмыс бойынша кінәлі деп танылды", делінген хабарламада. 

Айыпталушыға қатысты мүлкін тәркілеумен қатар алынған параның алпыс еселік көлемінде - 2 100 000 теңге айыппұл салынып, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және кедендік мекемеде лауазымдық қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!