Қазақстандық “халал жігіттер” бойжеткендерге "уақытша неке" ұсына бастады (фото)

Фотография - Қазақстандық “халал жігіттер” бойжеткендерге "уақытша неке" ұсына бастады (фото)

Әлеуметтік желіден сұлу бойжеткендердің фотосын көрген кей азаматтар оларға "уақытша неке" құру туралы ұсыныc білдіруде.

1503 0

Әлеуметтік желіден сұлу бойжеткендердің фотосын көрген кей азаматтар оларға "уақытша неке" құру туралы ұсыныc білдіруде. Парақшаларына Құран немесе мешіттің суретін жүктеген азаматтардан мұндай ұсыныстың жиі түсуі бойжеткендерді шошытып отыр. Бұл туралы "Радиоточкаға" сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Діни қызметкерлер "уақытша неке" ұғымының дәстүрлі исламда жоқ екенін ескертеді. Бұл тақырып интернетте бірталай пікірталасқа ұласып кеткен.

Бойжеткендердің бірі әлеуметтік желідегі парақшасына төмендегі пікірін жариялаған:

1438749745_screenshot_2015-08-04-15-21-16

Бойжеткен "Уақытша екінші әйел" атануға ұсыныс білдіретін жігіттерге осылайша назын білдірген. Бұл жазбаға пікір қалдырушылардың да қатары көп.

Олардың біразы мұндай жігіттерге "халал жігіттер" деген атау беріп жатса, өзге пікір қалдырушылар өздері де осындай ұсынысқа тап болғандарын жасырмаған.

Жазба авторы "уақытша неке" ұсынысы парақшаларына көбіне Құран немесе мешіттің суретін салған азаматтардан түсетініне назар аудартады.

Казахские «халяль парни» стали предлагать «временный никах»

Ал Алматы қаласы мешітінің имамы Жорабай Дулатбаев болса, мұсылмандарға "уақытша неке" ұғымы жат екенін ескертті.

"Құранда "уақытша некеге" тыйым салынған… Неке қиюдың қатаң шарттары бар, бұл үлкен жауапкершілік және шариғатта "уақытша некеге" рұқсат жоқ", — дейді Дулатбаев.

1438739678_20150731_123140

Казахские «халяль парни» стали предлагать «временный никах»

Теологтар жас қыздарды "жалған мұсылмандар" тұзағына түспеуге шақырып, оларға ақпаратты тексеріп отыруға кеңес береді.

"Мұндай псевдо-мұсылмандардың сөзін тыңдағанда, әр айтқандарын дәстүрлі дінге сай ма, жоқ па тексеріп отырған дұрыс", – дейді теолог.

Алайда елімізде "уақытша неке" ұсынушылардың сөзіне еріп, тұзақтарына түскен қыздар да баршылық. Ал олардың ата-аналары бұл жайлы тіпті бейхабар болып жатады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!