Ақтөбе облысының тұрғыны 6 жыл құлдықта болғаны үшін 500 мың теңге алды

Фотография - Ақтөбе облысының тұрғыны 6 жыл құлдықта болғаны үшін 500 мың теңге алды

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында жеке кәсіпкер ер адамды 6 жыл бойы құлдықта ұстаған. Сот сол үшін кәсіпкерге 500 мың теңге төлететін болды.

262 0

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында жеке кәсіпкер ер адамды 6 жыл бойы құлдықта ұстаған. Сот сол үшін кәсіпкерге 500 мың теңге төлететін болды. Бұл туралы Керек-Инфо хабарлайды.

Ақтөбелік азамат 2007 жылғы 20 қаңтар мен 2013 жылдың 22-ші қарашасы аралығында "Ғалымжан" жеке шаруа қожалығында жұмыс істеген. Яғни, Белқопа ауылынан 10 шақырым жерде аталмыш шаруашылықтың малын баққан. Қара жұмысқа жегілген жігітке мал иесінің бір тиын да төлемегені араға жылдар салып әшкере болды.

Биыл құқық қорғау органдары шаруа қожалығы қожайынының үстінен "Адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. 48 жастағы кәсіпкер бұл бап бойынша ең кемі 5 жылға бас бостандығынан айырылуы тиіс еді.

"Алайда сот отырысы кезінде жәбірленуші сотталушымен келісімге келді. Ер адам өзіне келген материалдық зиянды 500 мың теңгеге бағалады",- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметі.

Әйтеке би аудандық сотының үкімімен шаруа қожалығының иесі жәбірленушіге жарты миллион теңге төледі. Қылмыстық іс тоқтатылып, сотталушы жауапкершіліктен босатылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!