921

Талғат Ермегияевті үй қамауында ұстау мерзімі 12 қыркүйекке дейін ұзартылды

Сот ірі көлемдегі ақша сомасын ұрлауда күдікті деп танылған "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысын үй қамауында ұстау мерзімін ұзартты.
Фотография - Талғат Ермегияевті үй қамауында ұстау мерзімі 12 қыркүйекке дейін ұзартылды

Сот ірі көлемдегі ақша сомасын ұрлауда күдікті деп танылған "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысын үй қамауында ұстау мерзімін ұзартты.

Бұл туралы Астана сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова хабарлады.

"Кеше №2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевке қатысты үй қамауында ұстау туралы бұлтартпау шарасын үш айға дейін, яғни 2015 жылдың 12 қыркүйегіне дейін ұзарту туралы өтінішін қарастырып, қанағаттандырды", - деп хабарлады ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігіндегі "б" тармақшасымен қарастырылған ауыр қылмыстарды бірнеше рет қасақана жасады деген күдік таңылды.

12 маусымда Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының шешімінен Талғат Ермегияев 2 айлық мерзімге үй қамауына алынды. 

 

Продолжение

Қазақстан
«Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ-ндағы жемқорлық жөніндегі аты шулы іске қатыстылардың аппеляциялық арызы қарастырылып жатыр.
Загрузка...